Қаңтар оқиғасы: ҰҚК мен ІІМ-нің 29 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалған
Қаңтар оқиғасы: ҰҚК мен ІІМ-нің 29 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалған
© azattyq-ruhy.kz
536
оқылды
Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев Қаңтар оқиғасын тергеу жұмысы аяқталып қалғанын мәлім етті.
«Қаңтар оқиғасын тергеу аяқталып келеді. Бүгінде  1 249 адам сотталды. Оның көбі ұрлық жасап, қару тонаған, тәртіпсіздіктерге қатысқан. Нақты мерзімге 160 адам сотталды», – деді Тәшімбаев.
Ол атағандай, қалғандары біршама жеңіл жазаға тартылды.
«Мәсімовке және ҰҚК-нің өзге де басшыларына қатысты іс сотқа жіберілді. Оларға билікті басып алуға тырысу, мемлекетке опасыздық жасау және билікті асыра пайдалану айыбы тағылған. Сонымен қатар биілікті асыра пайдаланды деп айыпталған бұрынғы Қорғаныс министрі Бектенов ісі де сотта жатыр», – деді Тәшімбаев.
Оның айтуынша, Алматы қаласы, Алматы және Қызылорда облыстары Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Полиция департаменттерінің бұрынғы басшылығына қатысты тергеу аяқталды.
«Азаптау бойынша біз Алматы және Талдықорған қалаларында ҰҚК мен ІІМ-нің 29 қызметкеріне қатысты қылмыстық істі аяқтадық. Оның 17-сі бойынша іс сотқа жіберілді», – деді ол.