Ақмола облысының тұрғыны жанжал кезінде әйеліне пышақ сұққан

Ақмола облысының тұрғыны жанжал кезінде әйеліне пышақ сұққан

Ақмола облысының тұрғыны әйеліне пышақ сұққан,  –деп хабарлайды Polisia.kz. Полицияға отбасында болған қанды драма туралы хабарлама 20 желтоқсанда шамамен сағат 06.55-те келді. Оқиға туралы құқық қорғау органдарына шақыру бойынша келген жедел жәрдем стансасының фельдшері хабарлады: медицина қызметкерінің айтуынша, көпсалалы облыстық аурухананың қабылдау бөлмесіне кеуде аймағына салынған пышақ жарақатымен 30 жастағы әйел жеткізілген. Жәбірленушінің мекенжайын біліп, оқиға орнына Көкшетау қаласы Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы келді. Материалдарды бастапқы жинау кезінде әйелге жараны оның жұбайы жасағаны анықталды. Өзі бірден оқиға орнынан қашып кеткен. Күдіктінің белгілерімен бағдарлау дереу патрульдік полиция батальонының барлық жасақтарына берілді. 2 сағаттан өткен соң 26 жастағы ер адамды ППБ экипажы ұстап алып, полиция бөліміне жеткізді. Сондай-ақ оқиға болған жерді тексеру барысында полицейлер қылмыс құралы – асүй пышағын тауып, тәркіледі. Ұсталған адамның айғақтарынан оқиға болған түні жұбайы екеуі арасында ауызша жанжал болғаны, ер адам сол кеште алкоголь ішкені белгілі болды. Қазір  бұл факт Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.