Криштиану Роналду Сауд Арабиясының клубына ауысты
Криштиану Роналду Сауд Арабиясының клубына ауысты
442
оқылды
Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубымен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды, - деп хабарлайды Inform.kz. Marca басылымынан мәлім еткеніндей, тараптар өзара келіскен, таяу уақытта бұл туралы ресми түрде жария етпекші. «Криштиану Роналду «Аль-Наср» клубымен 2030 жылға дейінгі келісімшартқа қол қойды. Екі жыл жарым уақыт бойы Роналду ойыншы есебінде болмақ. Қалған мерзімде 2030 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізуге Сауд Арабиясы, Мысыр және Грекияның өтінім елшісі ретінде қызмет етпек», - деп жазады басылым. Роналду 2,5 жыл жарым уақыт бойы ойыншы ретінде маусым сайын 200 млн-дай еуро алады.