Агломерациялар дамытылады
Агломерациялар дамытылады
232
оқылды
Сенат Спикері Мәулен Әшім­баевтың төрағалығы­мен палата оты­рысы өтті. Онда сенаторлар бір­қатар заң қа­­былдады, Сенат рег­ламентіне өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізді және депу­тат­тық сауалдарын жолдады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауында елі­міздің институционалдық негізін нығайту үшін Парламенттің рө­лін айтарлықтай арттыру мін­детін жүктегені белгілі. Соған байланысты Конституцияға және Парламенттің жалпы рег­ламентіне өзгерістер енгізілді. Осыған орай, палата отыры­сы­ның күн тәртібінде Сенат рег­ламентіне тиісті толықтырулар енгізу мәселесі қаралды. Сонымен қатар сенаторлар «Агломе­рацияларды дамыту туралы» және «Қа­зақстан Рес­публикасының кейбір заңна­­ма­лық актілеріне агломера­ция­ларды да­мы­ту мәселелері бо­йынша өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу туралы» заң­дарды қарап, қабылдады. Бұл заңдар агломерацияларды қа­лыптас­тыру және дамыту үшін қажетті құқықтық, инсти­ту­ционалдық орта қалып­тасты­руға арналған. Жаңа нормалардың маңы­зына тоқталған Сенат Төрағасы бұл заңдар Мемлекет басшы­сы­ның Жолдауда берген тапсыр­масына сәйкес қабылданып отырғанын атап өтті.
«Осы заң арқылы елді ме­кендерді агло­мерацияға жатқы­зудың өлшемшарттары, Үкі­меттің, уәкілетті және жергілікті орган­дардың өкілеттіктері бе­кітіледі. Сондай-ақ бес жылдық кезеңге әзірленетін агломе­ра­цияларды дамытудың кешенді жоспары қабылданады. Жаңа нормалар халықты қо­ныс­тан­дыру және өндірістік күштерді ор­наластыру жүйесін жетіл­діруге, инженерлік, көліктік, әлеуметтік инфрақұрылымды тиімді пайдалануға оң әсерін тигізеді. Мұның бәрі агломе­рацияға жататын елді мекендерде өмір сүру деңгейін жақсартуға ықпал етеді деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.
Отырыс барысында сена­торлар «Өсім­діктер дүниесі ту­ралы» және «Қазақстан Респуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарды қа­былдады. Бұл құжаттар өсім­діктер дүниесін қорғау, қалпына келтіру және пайдалану са­ласындағы қоғамдық қаты­нас­тарды реттеуге бағытталған. Сондай-ақ Палата оты­ры­сында сена­торлар өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады. Дүйсенғазы Мусин еліміздің балық ша­руашылығы қорының жай-күйіне алаңдау­шылық біл­діріп, Каспий итбалығының по­пуляциясын сақтау және са­ланың басқа да өзекті мәсе­ле­лерін шешу жөніндегі шара­ларды ұсынды. Айгүл Қапбарова орман ша­руашы­лықтарының материал­дық-техникалық базасының нашар жабдықталуына назар аударды. Мұндай жағдай ор­ман­шыларға өртпен тиімді күресуге айтарлықтай кедергі келтіреді. Депутат орманшылардың жа­лақысы төмен екенін де тілге тиек етіп, оны екі есеге өсіру қа­жет екенін айтты.