Елімізде Apple өкілдігі ашыла ма?
Елімізде Apple өкілдігі ашыла ма?
290
оқылды
Көпшілік елімізде Apple өкілдігінің ашылуын күтіп жүр. Бұл туралы бірнеше рет айтылған еді. Қуантар­лығы, қазір Алматыда Apple өкілдігін ашу үшін тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Мұндай жаңалықты Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров айтты. Оның айтуынша, елшілер алпауыт компаниялардың бас кеңсесімен тікелей сөйлесіп жатыр. Әрбір жеке брендпен нені көздейтінімізге қатысты келіссөз жүргізілуде.
«Ал Apple-ге Қазақстанда өндіріс ұсы­ну қисынға келмейтін сияқты. Қазақстанда смартфон шығару үшін бәсекелестік басымдық жоқ. Сонымен қатар аталған өнімде қолданылатын өңделген сирек кездесетін металдар, арзан жұмыс күші де жоқ. Сондықтан нақты Apple-мен Алм­а­тыда сауда жөніндегі ресми өкілдігін ашу жөнінде келіссөз жүргізіліп жатыр. Бізге Apple мұндай деңгейдегі мәселелердің шешілуіне шамамен 3-4 жыл уақыт кете­тінін алға тартып отыр», – деді ол.

Айбике ЖАНАСЫЛ