Құқық қорғау органдары «Өнер қырандарының» өтірігін әшкереледі   
Құқық қорғау органдары «Өнер қырандарының» өтірігін әшкереледі   
Фото: zakon.kz
Әлеуметтік желіде 24-25 желтоқсан күндері Республика сарайында «Өнер қырандары – Харекет қорына 5 жыл» концерті өтетіні туралы ақпарат тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. «Алматы әуендерінің» ресми хабарламасында концертті Республика сарайында өткізу үшін келісімшарт жасалмаған.
«Ұйымдастырушымен аталған іс-шараны өткізуге шарт жасалмаған. Сонымен қатар аталған күндері (24-25 желтоқсан) Республика сарайында «Жаңажылдық шоу» өткізу жоспарланған. Осыған қарамастан, «Харекет» қайырымдылық қоры» ҚҚ және «Өнер қырандары» театрының өкілдері іс-шараны өткізу туралы жалған ақпарат таратуды жалғастыруда, сондай-ақ билеттерді Kassir.kz арқылы сатқан. Тиісті құқық қорғау органдары мән-жайды тексеріп, аталған іс-шараның өтетін күні жалған екенін анықтады», – делінген хабарламада.
Сондықтан 24-25 желтоқсанда өтетін «Өнер қырандары – Харекет қорына 5 жыл» концертіне сатылған барлық билеттің күші жойылды. Билеттің ақшасы kassir.kz сайтында белгіленген ереже бойынша қайтарылады.