Қызылордада аққуды өлтірген ер адам ұсталды

Қызылордада аққуды өлтірген ер адам ұсталды

Қызылорда облысында полиция аққуды ұстап, өлтірген адам анықтады. 22 желтоқсанда әлеуметтік желіде аққуды ұстап, өлтірген адам туралы бейнежазба жарияланды. Бұл видео тұрғындардың ашу-ызасын тудырды. Облыстық полиция департаменті жедел тексеру жүргізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Оқиға бойынша осы күнге дейін Полиция департаментіне тіркелмеген. Бейнежазбадан соң іс материалдары Сырдария аудандық полиция бөлімінің «Ақпаратты есепке алу кітабына» тіркелді. Нәтижесінде, бейнежазбадағы облыстың 26 жастағы тұрғыны анықталды. Полиция бөліміне жеткізілді. Тексеру барысында, аталған оқиғаның 2013 жылы балық аулау кезінде күріш алқабы жанындағы каналда болғаны, бейнежазба сол кезде түсірілгені анықталды», – деді полицей.
Тексеруден соң түпкілікті шешім шығарылады.