Guardian «бопсалаушы бағдарлама» шабуылына ұшырады
Guardian «бопсалаушы бағдарлама» шабуылына ұшырады
22-желтоқсанда ұлыбританиялық Guardian-ға «бопсалаушы-бағдарлама шабуыл» жасады. Фото factum.kz сайтынан алынды
380
оқылды
Ұлыбританиялық  Guardian-ның бас редакторы және бас атқарушы директоры қызметкерлерге басылымға 22 желтоқсанда «бопсалаушы-бағдарлама шабуыл» жасағанын айтқан. Медиа-топ әp қызметкерлеріне осы аптада үйден жұмыс істеуге және әлеуметтік желілерге кіруден аулақ болуға кеңес берді. Financial Times-қа сілтеме жасаған Aikyn.kz оқыс оқиғаның себептерін зерттеп көрді. [caption id="attachment_233401" align="aligncenter" width="1869"]Рисунок5 Бұндай жағдайда хакерлер компания деректерін немесе компьютерлік жүйені бұғаттап, қайта ашу үшін төлем талап етеді. Төлемді талап ету шабуылдан кейін бірнеше күн өткен соң келуі мүмкін. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption] Guardian-ның бас редакторы Кэтрин Винер мен бас атқарушы директоры Анна Бейтсон сәрсенбіде қызметкерлерге «ауыр оқиғаны» «бопсалаушы бағдарламаны» қолданып жасалған шабуыл деп санайтындарын мәлімдеді. Бірақ басылым менеджерлері басқа да себептерді қарастыруда. Оқиғаның сипаты Guardian-ның қылмыстық шабуылға ұшырағанын көрсетеді. Бұндай жағдайда хакерлер компания деректерін немесе компьютерлік жүйені бұғаттап, қайта ашу үшін төлем талап етеді. Төлемді талап ету шабуылдан кейін бірнеше күн өткен соң келуі мүмкін.
Жаңалықтар тобы өз веб-сайтында мақалаларды жариялауды жалғастыра алды. Өйткені, оның арнайы редакциялық жүйесі бар, оған шабуыл негізінен әсер етпеген. «Біздің кейбір ішкі жүйелеріміз зақымдалғанмен, біз ертең баспа түрінде шығатынымызға сенімдіміз», – деді Винер мен Бейтсон.
[caption id="attachment_233402" align="aligncenter" width="1832"]Рисунок6 Болжалды шабуыл Guardian-ның ішкі желілерін бұзып, Wi-Fi желісін істен шығарып, ортақ корпоративтік қызметтер мен қаржылық жүйелердің жұмысын тоқтатып тастаған. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption] Болжалды шабуыл Guardian-ның ішкі желілерін бұзып, Wi-Fi желісін істен шығарып, ортақ корпоративтік қызметтер мен қаржылық жүйелердің жұмысын тоқтатып тастаған.
Шабуыл болған күні қызметкерлерге «үйден жұмыс істеу» ұсынылды. «Егер сізден арнайы талап болмаса, кеңселерге жұмысқа келмеңіз. Ешбір жүйеге кіру үшін VPN қолданбаңыз», – делінген қызметкерлерге таратылған жазбада.
[caption id="attachment_233404" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок7 TheGuardian.com әлемдегі ең көп қаралатын ағылшын тіліндегі жаңалықтар сайты, қараша айында шамамен 94 миллион бірегей келушілер тіркелген. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption] Сәрсенбіде Guardian-ның Лондондағы штаб-пәтеріндегі қызметкерлер ноутбук арқылы жұмыс істеуге және интернетке кіру үшін ұялы телефондарды пайдалануға мәжбүр болды.
Ірі корпорациялардың ақпараттық жүйелеріне шабуылдар 2020 және 2021 жылдар бойы жиілей бастады, қашықтан жұмыс істеуге көшу де IТ жүйелерін осал етті.
Америкалық SonicWall қауіпсіздік компаниясының мәліметінше, осы жылдың бірінші жартыжылдығында шабуылдар саны 25%-ға қысқарды. Бұның себебі – көптеген ұйым киберқылмыскерлерге төлем жасаудан бас тартқан. Басқа факторларға құқық қорғау органдарының күшеюі және қылмыскерлер үшін төлемнің қолайлы түрі криптовалюталар бағасының төмендеуі жатады. Guardian әлемдегі ең көп қаралатын ағылшын тіліндегі жаңалықтар сайттарының бірін басқарады, Similarweb мәліметі бойынша қараша айында шамамен 94 миллион бірегей келушілер тіркелген.