Ұлыбританиялық Guardian-ның бас редакторы және бас атқарушы директоры қызметкерлерге басылымға 22 желтоқсанда «бопсалаушы-бағдарлама шабуыл» жасағанын айтқан. Медиа-топ әp қызметкерлеріне осы аптада үйден жұмыс істеуге және әлеуметтік желілерге кіруден аулақ болуға кеңес берді. Financial Times-қа сілтеме жасаған Aikyn.kz оқыс оқиғаның себептерін зерттеп көрді.
[caption id="attachment_233401" align="aligncenter" width="1869"]
Жаңалықтар тобы өз веб-сайтында мақалаларды жариялауды жалғастыра алды. Өйткені, оның арнайы редакциялық жүйесі бар, оған шабуыл негізінен әсер етпеген. «Біздің кейбір ішкі жүйелеріміз зақымдалғанмен, біз ертең баспа түрінде шығатынымызға сенімдіміз», – деді Винер мен Бейтсон.[caption id="attachment_233402" align="aligncenter" width="1832"]
Шабуыл болған күні қызметкерлерге «үйден жұмыс істеу» ұсынылды. «Егер сізден арнайы талап болмаса, кеңселерге жұмысқа келмеңіз. Ешбір жүйеге кіру үшін VPN қолданбаңыз», – делінген қызметкерлерге таратылған жазбада.[caption id="attachment_233404" align="aligncenter" width="1800"]
Ірі корпорациялардың ақпараттық жүйелеріне шабуылдар 2020 және 2021 жылдар бойы жиілей бастады, қашықтан жұмыс істеуге көшу де IТ жүйелерін осал етті.Америкалық SonicWall қауіпсіздік компаниясының мәліметінше, осы жылдың бірінші жартыжылдығында шабуылдар саны 25%-ға қысқарды. Бұның себебі – көптеген ұйым киберқылмыскерлерге төлем жасаудан бас тартқан. Басқа факторларға құқық қорғау органдарының күшеюі және қылмыскерлер үшін төлемнің қолайлы түрі криптовалюталар бағасының төмендеуі жатады. Guardian әлемдегі ең көп қаралатын ағылшын тіліндегі жаңалықтар сайттарының бірін басқарады, Similarweb мәліметі бойынша қараша айында шамамен 94 миллион бірегей келушілер тіркелген.