Екі облыста көліктердің жүруіне тыйым салынды
Екі облыста көліктердің жүруіне тыйым салынды
Фото: avtoradio.kz
937
оқылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыста көліктердің жүруіне шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Қостанай және Ақмола өңірінде бірқатар тасжолдарда көліктің жүруіне тыйым салынды. «ҚазАвтоЖолдың» мәліметінше, Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты жол көрінбейді. Әулиекөл кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін автокөліктің барлық түріне қозғалысқа шектеу енгізілген. Ақмола облысында көрінудің нашарлауына байланысты жабылған тасжолдар: – «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тасжолының Қостанай өңірі шекарасынан Сұрған кентіне дейінгі аралығы; – «Жақсы-Есіл-Бузулук» тасжолының Есіл қаласынан Бузулук ауылына дейін; – «Жезқазған-Петропавл» тасжолының Бузулук ауылынан Сұрған кентіне дейінгі аралығы. Республикалық жолдар желісінде қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқару үшін 200 арнайы техника жұмылдырылды.