Ұлттық банк садаққа арнап монета шығарды

Ұлттық банк садаққа арнап монета шығарды

Қазақстан Ұлттық банкі KÓSHPENDI SADAǴY коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. KÓSHPENDI SADAǴY коллекциялық монеталары туралы Ежелден садақ көшпенділердің негізгі қаруы ретінде қолданылып, спорттық және бәсекелестік рухтың нышаны саналған.   KÓSHPENDI SADAǴY монетасының реверсінде садақ атып тұрған көшпенді жауынгердің бейнесі орналасқан. Ал монетаның жоғарғы бөлігінде көшпенділер қаруының символы ретінде   ұшып бара жатқан жебелер көрсетілген.   Монета аверсінің орталық бөлігінде Қазақстанның мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген. Бұл қорғаныс қалқанының аллегориясын білдіреді. Елтаңбаның айналасында ою-өрнек пен мемлекеттік және ағылшын тілдеріндегі QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY және REPUBLIC OF KAZAKHSTAN жазулары, ҚҰБ логотипі және монета номиналының, дайындау металының, сынама мен массаның белгілері орналасқан. KÓSHPENDI SADAǴY коллекциялық монеталары күмістен (алтын жалатылған) жасалған. Массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы proof, номиналы – 500 теңгелік, таралымы – 5 000 дана. Коллекциялық монеталар Теңге сарайында жасалған. Монеталардың сатылымға түсетін күніне қатысты ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша жарияланады.