Доллар 4,70 теңгеге арзандады
Доллар 4,70 теңгеге арзандады
Фото: yakutsk.ru
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы көтерілді. Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 22 желтоқсан кешімен салыстырғанда 4,70 теңгеге арзандап, 1 доллар 461,97 теңге болды. Ұлттық банктің 23 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 466,98 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 464 теңге, сатып алу – 468 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы 465,7 теңгеден болса, сатып алу құны – 468,7 теңге. Ресей рублі 6,55 – 6,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.