Қытайдағы жер сілкінісінің дүмпуі Алматыда сезілмеді – ресми
Қытайдағы жер сілкінісінің дүмпуі Алматыда сезілмеді – ресми
203
оқылды
Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 24 ақпан күні 7 сағат 47 минутта жер сілкінісін тіркеді. Мекеме таратқан мәліметте жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 372 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10,2. MPV магнитудасы – 4,4. Тереңдігі – 10 шақырым. Жер сілкінісінің дүмпуі Алматы қаласында сезілмеген.