Бразилия құрамасының шабуылшысы Ришарлисон Қатарда футболдан өткен әлем чемпионатының ең үздік голының авторы атанды, – деп жазады halyq-uni.kz.
Англияның «Тоттенхэм» клубы форвардының бірінші турда Сербия құрамасына (2:0) салған голы жанкүйерлердің ең көп дауысын жинады.
Үздік голға таласқан ойыншылар арасында Сәлем Әл-Даусари (Сауд Арабиясы), Коди Гакпо (Нидерланды), Энцо Фернандес (Аргентина), Венсан Абубакар (Камерун), Луис Чавес (Мексика), Килиан Мбаппе (Франция), Пэк Сын Хо (Оңтүстік Корея) мен Неймар (Бразилия) болды.
Is it possible to elect this goal here as the most beautiful of the World Cup? pic.twitter.com/0OkaclGgxm
— richarlison pics (@richarpics) December 18, 2022