Зейнеткерге 1,2 млн теңге несие рәсімдеген: Жетісу облысында күдікті ретінде туысы қолға түсті
Зейнеткерге 1,2 млн теңге несие рәсімдеген: Жетісу облысында күдікті ретінде туысы қолға түсті
574
оқылды
Жетісу облысында күдікті ұрланған телефон арқылы зейнеткердің атына несие рәсімдеп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz. 65 жастағы әйел Жетісу облысы Ескелді АПБ-ға банктердің бірі өзіне белгісіз кредиторлық берешекті төлеуді талап етіп отырғанын айтып арызданды. Жедел-іздестіру шаралары барысында әйелге тиесілі болған телефонның бір апта бұрын ұрланғаны анықталды. Белгісіз біреу телефонды пайдалана отырып, зейнеткердің атынан тауарлық несие рәсімдеп алған. Ұрланған телефонды полиция қызметкерлері әйелдің алыс туыстарының бірінен тапты. Белгілі болғандай, күдікті телефон арқылы 1,2 млн теңгеге несие алып, бірнеше алтын бұйымын ломбардтан сатып алған. Іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.