Садриддин Ахмедов жекпе-жегі алдында салмақ өлшеуден өтті

Садриддин Ахмедов жекпе-жегі алдында салмақ өлшеуден өтті

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 KO) 2021 алдағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеуден өтті, деп хабарлайды Sports.kz сайты. 24 желтоқсанда Алматыда Sadu Arena-да Садриддин рингке шығады. Бұл шоудың басты оқиғасы болмақ. Оның қарсыласы – «Бульдог» деген лақап аты бар Оңтүстік Африка Республикасының спортшысы Нкулулеко Мхлонго (23-10-1, 18 KO). Жекпе-жек қарсаңында қарсыластар белгіленген шектеуді орындады. 24 желтоқсандағы бокс кешінің басты жекпе-жегі оңтүстік африкалық спортшы Ксолани Мкотели (19-7, 12 КО) мен көптен бері шаршы алаңға шықпаған тағы бір қазақстандық Батыр Жүкембаевтың (19-1, 15 КО) айқасы болмақ.