Әлемнің ең қымбат футбол ойыншысы аталды

Әлемнің ең қымбат футбол ойыншысы аталды

"Пари Сен-Жермен" футбол клубы мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе әлемдегі ең қымбат ойыншы атанды. Қатарда өткен Футболдан әлем чемпионатының қорытындысы бойынша футболшы 20 миллион еуроға қымбаттады, деп жазады Transfermarkt порталы.
Сайт "ПСЖ" мен Франция құрамасы шабуылшысының құнын 180 миллион еуроға дейін көтерді. Осының арқасында Мбаппе әлемнің ең қымбат ойыншылары тізімінде "Манчестер Сити" шабуылшысы Эрлинг Холандты басып озды, оны Transfermarkt 170 миллион еуроға бағалаған еді. Үздік үштікке Реал Мадрид шабуылшысы Винисиус Жуниор да кірді. Ойыншы 120 миллион еуроға бағаланған.