Ақтауда мысықтың басына секіріп, өлтірген ер адам жазаланды
Ақтауда мысықтың басына секіріп, өлтірген ер адам жазаланды
401
оқылды
Ақтау қалалық соты мысықтың басына секірген ер адамға қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі. Азамат О.-ға қатысты қылмыстық іс 23 желтоқсанда қаралды. Анықталғандай, 4 қазан күні сағат 22:00 шамасында Ақтау қаласының тұрғыны бөтен адамдардың көзінше қасақана мысықтың үстіне секіріп, оған дене жарақатын келтіріп, сосын оны жақын маңдағы саябаққа лақтырып кеткен. Кейінірек мысықтың тірі қалмағаны белгілі болды. 35 жастағы сотталушы сот отырысында өз кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады. Сот үкімімен азамат О. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 316-бабының 3-бөлігінің 5-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сотталушы алты ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.