Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп кетті
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп кетті
2,542
оқылды
Қазақстандық Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан World Tennis League командалық турнирінің финалында әлемнің бірінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Свентекпен кездесті. Е.Рыбакина қарсыласынан 6:3, 6:1 есебімен басым түсті. Бір сағатқа созылған кездесуде Е.Рыбакина 3 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Осылайша, Е.Рыбакина өнер көрсететін «Хоукс» («Қаршығалар») командасы «Кайтспен» («Әуе жыландары») бәсекеде 11:4 есебімен алға кетті.