Өскеменде өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйден 4 адамды аман алып шықты
Өскеменде өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйден 4 адамды аман алып шықты
326
оқылды
Өскеменде Назарбаев көшесінде жеке тұрғын үйден өрт шықты. Қатты түтінге бөккен үй ішінен алдымен екі адам шығарылды, олар іште әлі де адамдар бар екенін жеткізді. Барлығы 4 адам құтқарылды. ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнында газ-түтіннен қорғау қызметінің екі звеносы құрылды. Олар 35 жастағы әйелге және 48, 40 және 34 жастағы үш ер адамға көмектесті. Дәрігерлер зардап шеккендерді тексеріп, үйлеріне босатты. Өрт алаңы 90 шаршы метрді құрады.
"Өртке абайсыздық себеп болған. Сөнбей қалған темекі тұқылының кесірінен үйдің кіре берісі өртеніп, содан кейін жалын бірден үйдің шатырына қарай тараған. Өртті жоюға жеке құрамның 19 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Департаменттің баспасөз қызметі темекі шегушілерге абай болуға кеңес береді.
"Төсекте жатып, темекі шегу - жаман әдеттің бірі ғана емес, сонымен қатар бүкіл отбасыны қатер төндіретін жағдай. Әсіресе мұндай жағдайда темекі шегетін адамның мас болуы қауіпті. Сондықтан ондай жайтқа ерекше назар аудару керек. Жанған заттардың түтініне улану білінбей орын алатынын да ескерте кетелік, мысалы дұрыс сөнбей қалған темекі тұқылы матрацқа немесе диванға тисе, осының өзі жеткілікті. Егер өрт анықталған жағдайда, бұл туралы дереу 101 немесе 112 телефондарына хабарлау қажет. Диспетчерге нақты мекенжайды айта отырып, не болғанын жеткізіп және от тұтанған пәтерден немесе үйден дереу арада кетуіңіз керек", - делінген хабарламада.