Мурата Головкин жапқан шапанды музейге қойды
Мурата Головкин жапқан шапанды музейге қойды
Фото: yandex.kz
389
оқылды
Қазақтың ұлттық ою-өрнегімен көмкерілген шапан Жапониядағы Риота Муратаның әуесқой және кәсіпқой бокстағы жетістіктеріне арналған экспозиция залына қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Биыл 9 сәуір күні боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Жапонияда Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жұдырықтасып, 9 раундта қарсыласы жеңген болатын.    width= Сол кезде Головкин қазақ ерекше құрметтейтін адамға шапан жабатынын айтып, қарсыласы Риота Муратаға құрмет көрсетті. Әрбір жекпе-жекте өзі киіп шығатын шапанын тарту етті.    width= Sports.kz-тің жазуынша, шапан Муратаның 2012 жылғы Олимпиадада алған алтын медалі мен боксшының (WBA нұсқасы бойынша) белбеуінің жанында тұр.  width=