Рулі оң жақта орналасқан көліктерді заңдастыру мәселесі шешілді
Рулі оң жақта орналасқан көліктерді заңдастыру мәселесі шешілді
Фото: mobillegends.net
493
оқылды
Қазақстанда шетелде тіркелген, рулі оң жақ орналасқан көліктерді біржолғы заңдастыруға рұқсат беріледі. Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысында Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев айтты. Оның айтуынша, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында тиісті норма қамтылған.
«Осы заң жобасына біз таяуда ғана ұсыныс енгіздік. Оң рульді көліктер біржолғы заңдастыруға енгізіледі. Бүгінде Қазақстанда мұндай 20 мыңға жуық көлік бар. Бұл ұсыныс енгізіліп, комитетте қолдау тапты. Мәселе шешілді», – деді ІІМ өкілі «Қазақпаратқа» берген жауабында.
Заңдастыруға жататын автокөлік саны 300 мыңнан асады. Еске сала кетейік, 2007 жылдан бері рулі оң жақтағы көліктерді тіркеуге заңмен тыйым салынған еді.