«Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасының» ұсынысы: коллекторлар көмегімен проблемалы несиеден қалай құтыламыз?
«Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасының» ұсынысы: коллекторлар көмегімен проблемалы несиеден қалай құтыламыз?
751
оқылды
«Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы» ЗТБ (Палата) өркениетті коллекторлық нарықты дамыту мен Қазақстан азаматтарының арасындағы қарыздық жүктелімді азайту бойынша белсенді жұмыс жүргізеді. Алайда аталған жұмыс жемісті болу үшін қарыз алушылар туындаған сұрақтарды шешуге және диалогқа дайын болуы тиіс. Палата коллекторлармен бірлесе отырып, даулы сұрақтарды шешу неліктен маңызды екендігі туралы көзқарасымен бөлісті.
«Бүгінгі таңда борышкерлердің берешек көлемі үлкен. Халыққа көмек көрсету мақсатында коллекторлық агенттіктер борышкерлерге арнап кредитті өтеудің түрлі тәсілдерін әзірлеген. Оның ішінде қарызды қайта құрылымдау, проблемалы қарыздар бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу секілді тәсілдер бар» - деді Палата төрайымы Назгуль Естеусизова.
Осылайша ҚР ҰБ деректеріне сүйенетін болсақ, банктер мен ҚР МҚҰ-дағы жеке тұлғалардың NPL 90+ проблемалы берешегінің көлемі 540 млрд. тг. асқан. Бұл ретте көрсеткіштің артуы жылдың басынан шамамен 34%-ды құраған. Коллекторлардың міндеті – қазақстандықтардың өте жоғары қарыздық жүктелімін және экономикадағы үмітсіз кредиттердің пайызын төмендету. Алайда борышкерлер агенттіктер мен кредиторлардың тарапынан қысым көрсетілуі ықтимал деген оймен коллекторлармен кез келген байланысқа шығудан жиі бас тартады. Соның салдарынан борышкер ғана қиналатындығы анық. Коллекторлық агенттіктер өз құзыретінің шеңберінде қарыз алушылармен заң негізде хабарласуға және оларға проблемалы кредитті өтеудің түрлі нұсқаларын ұсынуға құқылы. «Коллекторлық қызмет туралы» Заңда агенттіктердің жұмысы тәртібі қатаң регламенттелген. Оның ішінде коллекторларға борышкерге қатысты қандай да бір заңсыз әрекеттерді жасауға тыйым салынған. Бұған қоса коллекторлар борышкерлер үшін жалғыз «көмекші» болатын жайттар да кездеседі. Агенттікке жүгінген кез келген борышкер кредит бойынша сот бұйрығының шығарылуына жол бермеу, кредит бойынша бұрын бұзылған міндеттемелерін орындау және барлық қаржылық қызметтерді толық пайдалану мүмкіндігіне ие болады.
«Коллекторлық нарық өкілдері үмітсіз және проблемалы қарыздармен жүргізіп отырған жұмысының негізгі міндеті – борышкерлерге көмек көрсету. Коллекторлық агенттіктерге өз бастамасы бойынша жүгінген борышкерлер келісім бойынша ыңғайлы шарттармен жасалынған қарызды өтеудің жаңа кестесін ала алады немесе өтеудің басқа тәсілдерін талқылау мүмкіндігіне ие болады» - деді өз сөзінде Назгуль Естеусизова.
Ең алдымен, коллекторлық агенттіктер кредитор мен борышкердің арасындағы дауларды сотқа дейінгі тәртіпте реттеумен айналысады. Сол себептен коллекторлармен жұмыс істеуден бас тартқан борышкерлер жағдайын қиындатып, қарыздан заңды түрде және өзіне жайлы тәсілмен құтылу мүмкіндігінен айырылады. Әдетте қарыздан құтылуға талпыныс жасаған азаматтар интернеттегі және әлеуметтік желілердегі қарызды есептен шығару немесе оны қайта құрылымдау, белгілі бір ақы үшін жаңа кестені алу секілді түрлі жарнамаларға жүгінеді. Мамандар мұндай алаяқтық қызметтерді есепке алмауға және тікелей Палатаға немесе коллекторлық агенттіктердің өзіне проблемалы берешекпен байланысты кез келген сұрақ бойынша жүгінуге кеңес береді. Бұл ретте коллекторлар тарапынан теріс қылыққа немесе қарым-қатынасқа тап болған азаматтар  https://stop-collector.kz/  арнайы сайтына жүгіне алады. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің деректеріне сәйкес 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ағымдағы коллекторлық агенттіктер тізілімінде 180 ұйым бар. Оның ішінде 21 агенттік тізілімге осы жылы қосылған. «Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы» ЗТБ 2018 жылдан бастап жұмыс істейді. Палатаның құрамына 60-тан аса агенттік кіреді. Палата коллекторлық қызметтердің өркениетті нарығын дамытумен айналысады, коллекторлар мен қарыз алушылар арасындағы даулы ситуацияларды шешеді. Бұған қоса Палата коллекторлық нарықтың көзқарасын реттеуші, органға «жеткізетін» және өзекті сұрақтарды жария ететін алаң болып саналады.