Оқ-дәрі, қару-жарақ ұрлаған лауазымды қызметкер ұсталды
Оқ-дәрі, қару-жарақ ұрлаған лауазымды қызметкер ұсталды
491
оқылды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қару-жарақ ұрлауға әрекеттенгендерді ұстады, ­– деп жазады knb.gov.kz. Комитеттің мәліметінше, Алматы қаласы мен Алматы облысының 10 тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылды.    width= Заңсыз айналымнан 3 «Калашников» автоматы, 3 гранатаатқыш, 2 жауынгерлік граната, 14 пистолет, 1700-ден аcа патрон мен қарудың керек-жарақтары алынды. «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ішкі істер органдары қызметкерінің қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысу фактісі анықталды. Лауазымды адам ҚР ІІМ теңгерімінде тұрған оқ-дәрілерді ұрлауды жүзеге асырған. Сонымен қатар, қару құрастыру бойынша жасырын шеберхананың әрекеті тоқтатылды» делінген комитеттің сайтында.    width= 27 қаңтарда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен сотталушылар әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды.