Алматыда автобус пен инкассатор көлігі соқтығысты – видео
Алматыда автобус пен инкассатор көлігі соқтығысты – видео
Фото: kolesa.kz
Алматыда жол апаты болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Абай даңғылында болған.
«ГАЗ маркалы автокөліктің 40 жастағы жүргізушісі Абай даңғылында, №141-үйге қарама-қарсы оңтүстік бағытта артқа бұрылып, Абай даңғылымен батыс бағытта жүріп келе жатқан Golden Dragon автобусымен соқтығысқан. Оқиға салдарынан ГАЗ көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Ол ауруханаға жатқызылған жоқ», – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Kris P Brothers Almaty (@kris__p__almaty)

Полицейлер жол апатының себебін анықтап жатыр.