Таразда бопсалаумен айналысқан 2 адам ұсталды
Таразда бопсалаумен айналысқан 2 адам ұсталды
Жамбыл облысында боспалаушылықпен айналысқан екі күдікті ұсталды, -  деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Тараз қаласының полициясына бопсалау туралы өтінішпен 26 жастағы азамат жүгінді. Ер адам белгісіз біреулердің бұдан абырой-беделге нұқсан келтіретін ақпаратты таратпауы үшін апта сайын 300 мың теңге бопсалайтынын хабарлады. Олар жәбірленушіден жалпы 2 миллион теңге талап еткен», - деді ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек апталық брифингте. Жедел-іздестіру шарасында облыстық Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екі жергілікті тұрғынды 200 мың теңге алып жатқан жерінен ұстады. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. «Ұсталғандардың екеуі де бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Қазір барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде», - дейді Ш.Тұрлыбек.