Доллар бағамы 0,79 теңгеге төмендеді
Доллар бағамы 0,79 теңгеге төмендеді
Фото: yakutsk.ru
1,025
оқылды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді. Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,79 теңгеге төмендеп, 1 доллар 461,10 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 26 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 461, 97 теңге болды. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 463,5 теңге, сатып алу – 468 теңге. Ал  Астана қаласы бойынша сату бағамы – 463 теңгеден болса, сатып алу – 466 теңге. Ресей рублі 6,35-6,65 теңге аралығында саудаланып жатыр. ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 26 желтоқсан күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 6,81 теңге болды.