Boston Dynamics компаниясы төрт аяқты ит-роботтардың шырша безендіргені туралы мерекелік бейнеролик жариялады. «Сізде демалыс көңілді болады деп үміттенеміз!» деген робототехника командасы 90 секундтық хабарламада «құрылғыларды кәсіби операторлар қашықтан басқарды» деп түсіндірме берді. Бұл туралы digitaltrends.com сайтына сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды.
[caption id="attachment_233815" align="aligncenter" > Boston Dynamics роботтары кедергілерден сүрінбейді. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption]
Бейнероликте 1-робот шыршаның үстіне ілгісі келетін үлкен қызыл бантты көтеріп тұрғаны көрінеді. Бірақ оның толық ұзартылған роботтық қолын пайдаланған кезде де ол шыршаның ұшына жете алмас еді. Сондықтан оған 2-ші және 3-роботтар көмекке келеді. Олар бір қатарға тұрып көтергіш рөлін атқарады. 2-ші мен 3-роботтар аяқтарын тік ұстап, 1-робот шыршаның төбесіне жететіндей созылады. Мерекелік бантты 1-ші робот 2-ші мен 3-шінің арқасына шығып ілуге ұмтылады. Видеоның сілтемесі мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=7Wm6vy7yBNA
2-ші мен 3-роботтар аяқтарын тік ұстап, 1-ші робот шыршаның төбесіне жететіндей созылады. Мерекелік бантты 1-ші робот 2-ші мен 3-шінің арқасына шығып ілуде. Фото gettyimages.com сайтынан алынды.
[caption id="attachment_233818" align="aligncenter" > Boston Dynamics өз роботтарын машинаны тексеру, бақылау және картаға түсіру сияқты тапсырмаларды автоматтандыру үшін жасайды. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption]
Бұл Spot-тардың әмбебаптығын әсерлі көрсететін, сондай-ақ бір тапсырманы орындау роботтар бірлесе жұмыс істей алатынын байқатады. Дегенмен, Spot сияқты роботтардан қауіптенетін кез келген адам бейнені міндетті түрде толығымен көруі керек. 2020 жылдан бастап Boston Dynamics өз роботтарын машинаны тексеру, бақылау және картаға түсіру сияқты тапсырмаларды автоматтандыру үшін пайдаланғысы келетін компанияларға сатады. Мұндай компаниялар Spot-тың баспалдақтар мен қиын жерлерге көтерілу қабілетіне, сондай-ақ оның жұмыс істеу жылдамдығына қызығады.
Робот соңғы жылдары Бостондағы дәрігерлер мен науқастарға көмектесу, Жаңа Зеландияда сақшылық қызметтерді атқару үшін және Жапониядағы бейсбол ойынында билеу сияқты басқа да рөлдерде жақсы көрініп жүр.