Өскеменде полицейлер жоғалған екі жасөспірімді тапты
Өскеменде полицейлер жоғалған екі жасөспірімді тапты
386
оқылды
Өскемен полицейлері жоғалған екі жасөспірімді тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz. 25 желтоқсанда сағат 22:05-те “102” жедел арнасына 34 жастағы жергілікті тұрғыннан қоңырау келіп түсті, ол 15 және 13 жылы туған балаларын іздеуге көмек сұрады. Ер адамның айтуынша, оның 15 жастағы ұлы мен 13 жастағы қызы 25 желтоқсан күні кешке үйден кетіп, оралмаған. Балалар телефондарын үйде қалдырып кеткен. Кәмелетке толмағандардың жүрген жерін анықтау мақсатында дабыл бойынша жедел-іздестіру тобы дереу жиналды. Тәртіп сақшылары кез-келген ақпаратқа ие бола алатын таныстары мен куәгерлерден сұхбат алып, іргелес аумақтарды, аулаларды, тұрғын үйлердің кіреберістерін, гүлзарларды, саябақтарды, жастар жиналатын орындарды мұқият зерттеді. Іздеу жаяу және қызметтік автокөліктерді пайдалану арқылы жүзеге асырылды.
– Қабылданған шаралардың нәтижесінде 40 минуттан кейін кәмелетке толмағандарды Боран-2 патрульдік экипажының қызметкерлері Салауат Шәкіров пен Қуаныш Акимеев Островский көшесінен тапты. Кәмелетке толмағандар әкесімен ренжіскеннен кейін үйден кеткендерін айтты. Қазіргі уақытта олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Үйге аман-есен жеткізілді, – деді Өскемен қаласы ПБ бастығы Андрей Мула.