«Әлем бейнесін» 2020 адам бірігіп салған
«Әлем бейнесін» 2020 адам бірігіп салған
235
оқылды
Екі мыңнан аса адам бірігіп салған картина Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайына қойылып, көпшіліктің назарына ұсынылды. Картинаны салуға әлем жұлдыздары да қатысқан. Ол – World Painting ха­лық­аралық әлеуметтік арт-жобасы қатысу­шы­ларының туындысы. Ал жобаның бастамашысы – Дәуіт Шайхисламов пен Дана Орманбаева. Экспозиция екі бөлім­нен тұрады. Оның біріншісі – Әлем бей­несі, екіншісі – германист, кәсіпкер, ГФР Bundesverdienstkreuz орденінің иегері, коллекционер Ғалия Жүнісалиеваның жеке топтамасындағы картиналар. Айта кету керек, World Painting идеясы – көркем сурет өнеріне қатысы жоқ адам­дардың күшімен үлкен кенеп жасау. Ол екі жыл бұрын пайда болған. Жалпы World Painting бірегей әлемдік акциясы Дүниежүзілік EXPO 2020 Dubai көрмесін­де бастау алған көрінеді. Ал биыл 2 ақпан­да жоба Гиннестің рекордтар кітабына енді.