Ұстаздарда ұят ұйықтап қалған

Ұстаздарда ұят ұйықтап қалған

Қазіргі ұстаздардың кейбірі «боевик» болып кеткен бе деп қаласың. Оқушы қит етсе, жұдырығын ала жүгіреді. Баяғының молдаларына баласын берерде әкесі: – Молдеке, еті менікі, сүйегі сіздікі», – дейді екен. Соны жаттап алған ба, Жаңа­өзендегі нөмірі бесінші мектеп гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыларға төне түсіп: – Түзу тұрыңдар! –деп бұйырды – Ағай... – Сөйлеме! – Ағай... – Ағай деме, – Апай. – Апай емеспін. – Көке. – Көкең де емеспін! – Әжетханаға шығып келейінші? – Өлмейсің! – Ағай деймін – Шыда! – Туу. – Туу деме! – деген ол оқушының басына салып қалды. – Ағай, ұрмасаңызшы? – Немне, басың домалап түсіп қалды ма? – Ауырды ғой. – Сипалайын ба, енді? – Ұруға қандай қақыңыз бар, ағай? – Сен сөйлеме! Араға түспе! – деген оның да басынан салып қалды. – Ағай, тағы ұрыңызшы? – Неге? – Келесі сабақта ұрмайтын боласыз. Алдын-ала.. – Жап аузыңды! – Аузым азық-түлік дүкені емес. – Не деген қиқарсың, а? – деген ол оқушының иығынан төмпештей жөнелді. Не деген «боевик» ағай еді? Ал, Шымкенттегі мұға­лима оқушысы мектепке формасыз, көк джин­симен келгені үшін ашуы аспаннан құлап түскендей болды. – Мектеп формасымен неге келмедің? – деп сұра­ды ол. – Апай, мамам жуып қойған еді. – Әйтеуір, сылтауың көп. – Шын айтамын. – Сөйлеме! – Енді апай, жауап берейін де? – Сабақта да, осылай тақылдамайсың ба? – Апай... – Апай деме! – Әже. – Міне, саған әже! – деген апайы бесінші сыныптың оқушысының білегіне қаламсабын қатты батырып жіберді. – Ойбайй, аппай! – Айқайлама! – Ауырып кетттііі! – Өлмейсің! Міне, бүгінгінің ұстаздары осындай. Ұстаздардың ұяттары ұйықтап қалған...

Ақмарал АБДРАМАНОВА