Көпен келе жатыр...
Көпен келе жатыр...
198
оқылды
ӨКПЕЛЕМЕ, СЕН МАҒАН! Ақын Мұхтар ШАХАНОВҚА – Көпен iнiм! Сенiң мынау кешiңде де Айнымайтын ағасы деп, Жыртылмайтын жағасы деп, Бар едi ғой бағасы деп, Рахмет, бүгiн маған сөз бердi. Бiздiң ауыл есiңде ме? Бiресе Шәуiлдiр деп, Бiресе Қызылқұм деп, Бiресе Отырар деп, Талай-талай өзгердi. Бiлесiң бе мен өзгерген кездердi? Бiресе полигон деп, Бiресе конгресс деп, Бiресе желтоқсан деп, Бiресе Аралым деп, Көп өзгерiп, көп сабылдым, қарағым. Ендi, мiне, Бiшкекке Елшi болып барамын... ...О, жасаған! Қалай қашып құтылам деп масадан Бiр жұмырбас түн iшiнде Там үстiне жатыпты. Жата салып қалың ұйқы қатпарына батыпты. «Тауықсыз да таң бозарып атыпты». Содан кейiн сол жұмырбас не етiптi? Там үстiнде жатқандығын тарс ұмытып кетiптi. Дәрет қысса амал бар ма? Атып тұрып апыл-ғұпыл жүргенде Торғайдай боп топ етiп Там үстiнен құлап түстi бiр демде. Көк есектiң тұяғындай Қап-қатты екен жер тiптi. Жазым болып жұмырбастың Қол-аяғы бiрдей сынып мертiктi. Ойында жоқ еш күдiк, О, оқырман, осыны ойлап теңселер, Сықақшының халiн бiлгiң келсе егер Там үстiнен құлағандай, Төсек тартып сұлағандай, Халiңдi кеп сұрағандай, Сен де сықақ жазып көр. Көпен iнiм! Отырарда сен де тудың, Отырарда мен де тудым. Жасым үлкен, сондықтан демде тудым. Жасың кiшi болғасын кенде тудың. Ақын Мұхтар ШАХАНОВҚА ӨКПЕЛЕМЕ, СЕН МАҒАН! Бiр досы кеп хал сұрады кешкiлiк. Жан қысылып жатқан кезде Жанашырлық осы ма? Қыбыр етiп кiрпiгi, Жыбыр етiп ерiнi, Ол былайша жауап бердi досына: – Не етемiн? Халiмнiң қалай екенiн Бiлгiң келсе, там үстiнен құлап көр! 15 Қасқасуды бiр айналып, Отырарды шыр айналып, Туған жерге жиi барып тұрамыз. Сонда естiген бар едi ғой бiр аңыз. Айтайын, Айтайын да Қырғызыма қайтайын. ...Құдыққа түсiп кеткен баласына әкесi кептi. Кептi де былай дептi: – Балам! Ешқайда кетiп қалма, Қазiр арқан әкеп шығарып алам!.. Сол сияқты өзiң де Сатираның құдығына түсiп кеткен баласың. Қырық жастан қыр ассаң да наласың. Барселонаға бармадым деп, Қамқорлыққа алмадың деп, Өкпелеме, сен маған! Қамқорлыққа қалай алам, Өз жұмысым тiптен көп. Өнбес жерден дау iздеп, Шыңғысханды жауыз деп, Атағымды асқақтатып бiткем жоқ! Шеберлiкпен шегендесең құдықты Сен боласың мұрагер. Арқан әкеп шығармаймын мен сенi, Түсiп кеткен құдығыңда тұра бер.   ПОЭЗИЯ ПАТШАЛЫҒЫ Егер Мұхтар Шаханов бұдан мың жыл бұрын дүниеге келсе кiм болар едi? Отырарда туып, Сирияда қайтыс болған Әбу Насыр әл-Фараби бабасы секiлдi «Қайырымды қаланың тұрғындары» деген трактат жазар ма едi? Онда Мұхтар Шахановтың аты Мұхтар Шаханов емес, Әбу-Мұхтар ибн Шахан шайыр әл-Отырари Шам шаһари боп кетер едi. Ал, Мұхтар Шаханов XV ғасырда туса ше? Онда «Өзбек – өз ағам, сарт – сада­ғам» деп, Керей мен Жәнiбек хан секiлдi 1456 жылы қазақ мемлекетiн Шу бойында емес, Арыс жағасындағы Шәуiлдiрде құрар ма едi? Мұхтар Шаханов Одан кейiнгi ғасырда туса ше? Қара қыпшақ Қобыланды батыр секiлдi егеулi найза қолға алып, космополиттер туралы толғанып... Кешiрiңiздер, космополит деппiн-ау, о заманда космополиттер болған жоқ қой... Егеулi найза қолға алып, махаббат жырын толғанып... «Қабырғадан оқ тисе, Қамқор болған қарындас», – деп, қыз Құртқаны айналдырып, үйленiп алар едi. Жалпы, Мұхтар ағам ғашық болмайды – ғашық болса алмай қоймайды. Егер 1835 жылы туғанда Шоқан Уәли­ханов сияқты Қырғызстанға елшiлiкпен емес, экспедициямен барып «Манас» жы­рын манаптардың аузынан жазып алар ма едi? Ал, XIX ғасырда дүниеге келсе ше? Оһо-о-о, онда Ыбырай Алтынсарин атасы секiлдi: Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңiлге Ықыласпен тоқылық. Тек қазақша оқылық! – деп өлең жазар ма едi? Әлде Мұстафа Шоқай секiлдi Түркiстан Республикасын құрам деп Францияда жиырма жыл ғұмыр кешiп, Германияда талқаны таусылар ма едi, кiм бiлсiн?.. Немесе Жүсiпбек Аймауытов секiлдi «Бала өз ана тiлiнде тәрбиеленбесе, ұлтқа қызмет ете алмайды» деп шыр-пыры шы­ғар ма едi? Әйтпесе Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бәйменов... Ой, Бәйменов деппiн-ау... Әлихан Бөкейханов секiлдi «Алаш» пар­тиясы емес, «Халық рухы» партиясын құрар ма едi? Ал, XIX ғасырдың соңында кiндiгi кесiлсе ше? Онда Сәкен Сейфуллин, 16 Бейiмбет Майлин, Iлияс Жансүгiров секiлдi 37 жылы «халық жауы» атанып, атылып кетер ме едi? Әйтпесе «Бейiмбет жау болса, мен де жаумын!» деп, Ғабең секiлдi бесеудiң бiрi боп Сталинге хат жазар ма едi? Негiзi, Мұхтар Шаханов 1942 жылы дұрыс туған. Масқара-ай, Гитлер 1941 жылы Шыңғысхан секiлдi Отырарды жау­лап алғанда қайтер ек? Онда, әумин, Мұх­тар Шаханов жоқ едi. Бар болған күнде де Гетемен жарысып немiс тiлiнде өлең жа­зып жүрер ме едi, кiм бiлсiн? Бәрiнен бұрын Арал проблемасын кiм көтерер едi? Желтоқсан көтерiлiсiн ше? «Ей, Мұха, қой дегесiн қоя сал. Шын­дықтың түбiне жетпейсiң, шындық сенiң түбiңе жетедi» деген қағиданы құлағына да қыстырмай, «Желтоқсан эпопеясын» кiм жазар едi? Әсiресе «Мемлекеттiк тiлдi шекараны қорғағандай қорғау керек!» деп кiмнiң шыр-пыры шығар едi? Бiр күнi: – Мұхтар аға, сiз алмаған шетелдiң шен-шекпенi, атақ-дәрежесi қалмады. Бәрiн алдыңыз. Ал, өз елiмiздiң орден, медалiнен неге қашасыз? Ең болмаса «Ерен еңбегi үшiн» медалiңiз де жоқ. Соның себебi не? – деп сұрадым. Сонда Мұхаң айтты: – Отан – бiздiң ең үлкен Анамыз. Әркiм өз Анасына қызмет еткенi үшiн жылу дәметпеу керек. Отан да өзiнiң ерек­шеленген, дараланған ұлдарын марапаттап отыруы шарт. Бiрақ, ол өте әдiлеттi болуы керек. Ал, қазiр кез келген заң­дас­тырылғын ұрының ең кемi екi орден, үш медалi бар. Солардың қатарында жүргiм келмейдi! – дедi. Есiме Брежнев түстi. Керегедей кеу­десiнде орден қадайтын орын жоқ едi ғой жа­рықтықтың. – Брежневтi крокодил жұтса не бола­ды? – деп сұрағандарға: – Онда крокодил он күн бойы орден құ­сады! – дедiк. Егер Мұхтар Шахановты крокодил жұтса не болады? Онда крокодил рухта­нып, қазақ тiлiнде сөйлеп кетер едi. Ақындар да альпинист сияқты. Шыңға шыққысы келедi. Шыңға өрмелеген аль­пинист ғайыптан тайып, құзға құлайды. Жартаста қалған серiгi: – Амансың ба-а-а?- деп айғалайды ар­тынан. – Аманмын! – Тiрiсiң бе? – Тiрiмiн! – Еш жерiң мертiккен жоқ па? – Жо-о-қ! – Ендеше арқан тастаймын. Қағып ал да, қайтадан өрмелеп берi шық! – Арқаныңды ала алмаймын-ау... – Неге-е-е? – Мен әлi жерге жеткен жоқпын! Алатаудың шыңындай ана тiлiмiз күн­дердiң күнiнде құздан құласа, артынан ар­қан лақтыратын кiм? Мұхтар Шаханов қана ма? Әлде Амангелдi Айталы... Халық сүт сияқты. Бiр қарағанда сүт аппақ. Басқа қасиетi байқалмайды. Бiрақ оның құрамында бәрi бар. Май да бар, құрт та бар, iрiмшiк те бар. Әсiресе, А,В,С деген витаминнiң түр-түрi бар. Бiрақ олар көзге көрiнбейдi. Мұхтар Шаханов ше? Қатық сияқты. Бiр қасық қатық бiр қазан сүттi ұйытады. Мұхаң қайда жүрсе де ақ сүтiнен ажыраған емес. Шахановтың күш-қуаты – оның поэзиясында. Мекен-жайы – поэзия патшалығында. Ендеше, Мұхтар Шахановтың өзiне сөз берейi. – Дүниенi дүр сiлкiндiрген шоғыр 17 қолбасшылардың чоңы Наполеон: «Соғысу үшiн үш нәрсе керек!» дептi. «Бiрiншi – ақша, Екiншi – ақша, Үшiншi – ақша». Нағыз ақындарға Наполеон армандаған ақшадан гөрi мұра болатындай мұратты нәрсе керек. Ол – поэзия, поэзия тағы да поэзия! Тышқан тiрлiк таусыла ма, сiлкiнiп тастап сiрескен ойдың сеңiн бұзбасаң, ақын­дығың қайсы?! Мысық тышқанның бәрiн тани бер­мейдi, бiрақ тышқанның бәрi мысықты таниды. ...Дештi қыпшақ даласында, Сырдария жағасында, Оты өшпеген Отырар қаласында Поэзия патшалығы өмiр сүрген деседi. Қас жауынан қаймықпаған, Жүрегi де шайлықпаған Ханның сонда бiр мысықтан Қайтқан екен меселi. Таянып тұрып бүйiрдi, Хан былайша бас уәзiрге бұйырды: – Ертеңгiнiң ерлiгiн Бүгiнгiден бастаңдар. Бастаңдар да, бұл мысықты Далаға апарып тастаңдар, Қасқыр ауласын!.. Бас уәзiр былай дедi: – Хан ием! Әбiгерге салмаңызшы Сiз елдi, Ұстай алмас мына мысық Қасқыр түгiл күзендi. Күреңiтiп, түтiгiп, Тiлiн тiстеп, тұтығып, Бұлқан-талқан ашуланды хан сонда: – Кiм айтты саған? Аңға қиқу салмайды деп, Аяғынан шалмайды деп. Сары далада қасқыр түгiл Сасық күзен алмайды деп. Кiм айтты саған? Мысықты ешкiм жақтырмайды деп, Жыртқыштарға дәп қылмайды деп. Кiм айтты саған? Ханның қара мысығына Қасқырдың бәрi тақ тұрмайды деп?! Бұта түбiн бұғып өссе болады ма оңған iс? Бұл мысықтың ата-тегi жүрек жұтқан жолбарыс. Бас уәзiр хан сөзiнен аспады. Аспады да мысықты далаға апарып тастады. Қара мысық қайтып келдi. Бас уәзiр саспады. Саспады да мысықты Тағы апарып тастады. Қара мысық қайтып келдi. Рас, рас!.. Әуелгiде әжептәуiр бас қатты. Бас қатты да мысықты Тағы апарып тастатты. О, масқара-ай! Ертесiне шыққан кезде арай күн, Қара мысық тырналап тұр Дарбазасын сарайдың. Хан ием де, Уәзiр де Таң қалысты жата қап: – Жүре берсе не қылады «Бөрi» деген атақ ап?.. ...Поэзия патшалығына алып келген мысықты – Сағыныш пен махаббат. «Бағаласаң махаббатты бағала, Бағаласаң махаббатты бағала». Поэзия патшалығын сағынсам Сол мысықтай көп жүрмеспiн далада!.. 1992 жылы жазылып, 2007 жылы толықтырылды 18   ЖАҚСЫ, АЙНАЛАЙЫН! Ақын Фариза ОҢҒАРСЫНОВАҒА Iшi ауырған баладай Телефоным шыр еттi. Звондаған кiм екен Дiр еткiзiп жүректi? Болмысым, жаным-сұрапыл. «Ә» дегенге, «Мә» демей Фариза Оңғарсынова Ойланайын, тұра тұр. Өлеңнiң шамын өшiрiп, Мұңданбай да жынданбай Жаздым талай очерк. Кейiпкерiм қаншама! Телефон шалған сағынып Ұлбала, Кәмшат, Шәмша ма? Шiркiн! Менен бiреу бiр күн: «Қайда барасыз?» деп сұраса, Ең әуелi Торғайға тартар едiм. Торғайдай тозып кеттi-ау арқалы елiм. Облыс әкiмi Шөкеев те ғажап адам! Ойпырай, сол емес пе Телефон шалып мазалаған? Айтқаным жоқ ащы сын. Дәрiптем ем газетке «Бас қаланың басшысын». Астананың әкiмi боп, Бас қаланың әкiмi боп Iшi пысқан Зәкең бе? Шәкең бе? Жоқ, Сәкең бе? Мәкең бе? Жоқ, Бәкең бе? Тәкең бе? Жоқ, Жәкең бе? Кiм болса да менiмен Сөйлесем деп отыр-ау? Ойым он сақ. Тоқырау... Трубканы көтермей Неғып тұрмын, апыр-ау?! – Әлеу! «Атырау?» Жақсы, айналайын! А?! «Шын жыласа соқыр көзден жас шығар. Жазатын болсаңыз Бiздiң жақта да Мүйiзi қарағайдай басшы бар!» Дейсiз бе? Жақсы, айналайын! Әйтеуiр Атырау жуық арада көшпей ме? Бара жатқанның балтасын, Келе жатқанның кетпенiн алып жүгiре берсем, Менiң өкпем өшпей ме? Өлеңiмдi кiм жазады? Әкiм жазып бере ме, Әйтпесе әркiм жазып бере ме? Жақсы, айналайын! Не жаңалық? Немене?! «Каспий тасып жатыр?» Жақсы, айналайын! Оған менiң де жаным ашып жатыр. А?! «Кесiрткелер қашып жатыр?» Е-е, елдiң де экологиясы бұзылды. Жуанымыз жiңiшкерiп, жiңiшкемiз үзiлдi. Баяғыда Каспийдiң кесiрткесiн Алматыға әкелсең, Бес жылда крокодил боп шыға келетiн. ЖАҚСЫ, АЙНАЛАЙЫН! Ақын Фариза ОҢҒАРСЫНОВАҒА 20 Қазiр Каспийдiң крокодилiн Алматыға әкелсең, Бес жылда кесiртке боп кетедi. Бұл – шындық! Кезiнде кесiрткемiздi Крокодил қыламыз деп құлшындық! Иә!.. Ауылымызға әкiм қып Қойды дей ме Тәйтiктi? «Патшасы ақынын iздеген ел – бақыт­ты, Ал, ақыны патшасын iздеген ел – сор­маңдай» деп Ақсақ Темiр айтыпты. А?! Әкiм қайтiптi? «Қоғадай жапырып жатыр?» Менi әкiм «Шай iшiп қайтсын деп шақырып жа­тыр?». Кiм? Кiм болса да бармаймын! Әкiм шақырмақ түгiлi, Әкең шақырса да бармаймын! Өзi звондап шақырса айып бола ма, Я, тағынан тайып қала ма? «Өкпелейдi Өкпелесе – өкпесi түссiн! Сендерге айтатұғын аяз сын бар: «Саяз су сарқырап ағады», Саязсыңдар! Байқаймын, Байқаймын да басымды шайқаймын! Теңге десе тентiреп зырлайсыңдар, Мәдениеттен жұрдайсыңдар. Қарындарың тоқ болса, Қағаздарың «көк» болса, Ештеңенi ұрмайсыңдар! Бiр қарағанда дырдайсыңдар, Неге тiл мәселесiн Тiк көтерiп тұрмайсыңдар? «Апай!» Немене апай? Апайға Шай беретiн Шапай ма? Апайда айқай көп, Шапайда шай-пай көп. Апайға айқай керек емес, Шай-пай керек. Шапайға шай-пай керек емес, Айқай керек. Шапай шай-пай берсе, «Пай-пай!» дер ек... Жақсы, айналайын! Жақсы!.. А? Қашан қайттым қай даудан? Кiшкене кiдiре тұр, Өтiп алайын тағы да Депутаттық сайлаудан... Жақсы, айналайын!..

1990 жыл