«Үміт керуені» фестивалі өтті
«Үміт керуені» фестивалі өтті
351
оқылды
Сайрам ауданында «AMANAT» партиясының «Ке­дергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Үміт ке­руені» атты фестиваль өтті. Пар­тия филиалы ұйым­дас­тырған шара – мүмкіндігі шек­теулі жандардың шығар­ма­шылық дамуына, тең қо­ғам құрудағы азаматтардың тұлғалық қалыптасуына жол ашуға және өнерін шыңдауға бағытталған. «Әуелер әнім барда», «Өлеңім – өмірім» және «Көз жауын алған қолөнер» атауларымен өткен фес­тивальге Сайрам және Түл­кібас аудандары, Шымкент қаласынан 20-дан астам өнерпаз қатысты. Облыстық мәслихат депутаттары Динара Егамбердиева және Гүл­бахира Тәжібаева фестивальдің маңыздылығына тоқталып, қа­тысушыларға сәттілік тіледі. фестиваль Жиында бақылаушылар құ­рамы жасақталып, оның мүше­лігіне мәдениет, спорт сала­сының мамандары, этно­мәдени орталық­тардың өкілдері және пе­дагогтер енгізілді. Іс-шарада көңілді ажар­ландыратын әндер шырқалып, жүрекжарды өлеңдер оқылды. Ал қолөнершілер көз­дің жауын ала­тын бұйымдарын тарту етті. Талант иелеріне құттықтау сөз­дерін арнаған партияның ау­дандық филиалының атқарушы хатшысы Алмас Әбдіқадыров және аудандық мүгедектер қауым­дастығының төрағасы Асылбек Таукеев өнерпаздарды диплом­дармен марапаттап, бағалы сый­лықтар табыстады.