Қоғамдық сана тақырыбы талқыланды
Қоғамдық сана тақырыбы талқыланды
677
оқылды
«AMANAT» партиясы Қос­танай облыстық филиалы жа­нын­дағы Miras аймақтық қо­ғамдық кеңестің отыры­сында «Әділетті қо­ғам: жаңа қоғамдық сананы қалып­тас­тыру» тақырыбы талқы­ланды. Қоғамдық кеңес төрайымы, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Қырмызы Жанбыршина үлкен өзгерістерге қадам басқалы тұрған тұста жауапкершілік жүгі қоғамның әрбір мүшесіне жүктеле­тінін баса айтты.
«Бүгінде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің қар­қынды дамуына, халықтың әлеу­мет­тік жағдайын көтеруге, әділетті әрі құқықтық қоғамды құру жо­лын­да көптеген реформалар жа­рия­лады. 20 қарашада өткен сай­лаудағы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айқын жеңісі – ол қоғамның Пре­зидентке және оның реформалар бағытына деген зор сенімінің көр­сеткіші. Қоғамда жаңа құндылық­тар орнықтырып, жақсы қасиет­терге ие бола алмасақ, реформаның бәрі бекер. Сондықтан Президент жариялаған бастамаларды іске асыру жолында еліміздің әрбір аза­ма­ты өз үлесін қосуы қажет», – деді ол.
Талқылау барысында, коғам­дық кеңестің мүшелері Әсия Бер­кенова, Қалқаман Жақып, Жанұзақ Аязбеков, Оразалы Жақсанов, Әлмұрат Ахметов, Қостанай об­лысы Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмаков, «AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалы Атқарушы хат­шысы Бибігүл Аққожина, «Қос­танай таңы» газетінің Бас редак­торы Кенжеш Аманова өздерінің келелі ой, кесек пікірлерін айтты. Отырыстың екінші мәселесі бойынша «Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту жөніндегі ісжос­пар» туралы кеңес мүшесі, Қа­зақ­стан Жазушылар одағының мүшесі Әбутәліп Әмір баяндама жасады.
«Биылғы тамыз айынан бастап Miras кеңесінің мүшелері мен тіл жанашырлары тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту жөнінде ұсыныстар жинақталып, бір жылдық жоспар жасалды. Жос­пар бойынша Miras кеңесінің мү­ше­лері ұсынған Қостанай қаласын­дағы кәсіпорындар мен мекемелер сұрыпталып, олардың ішінен 28 ұйым бөлініп алынды. Осы ұйым­дарда жұмыстар кеңірек жүргізі­летін болады», – деді ол.
Кеңес мүшелері баяндаманы тал­қылап, ұсыныстар мен толық­тыруларды ескере отырып, «Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту жөнінде ісжоспарын» бекітті.