Жастар Бауыржан Момышұлының ерлігін насихаттады

Жастар Бауыржан Момышұлының ерлігін насихаттады

Астана қаласы Бауыржан Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейде батырдың туғанына 112 жыл толуына орай іс-шара өтті. Салтанатты жиынға Сыртқы істер министрлігінің штаттан тыс кеңесшісі, Қазақстан дипломатия қызметінің еңбек сіңірген қайраткері, Еуразия ұлттық университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы Сайлау Батырашұлы арнайы қатысты.   Бауыржан Момышұлының ескерткішіне мектеп директоры Замзагүл Қиянова алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы, лейтенант Қанат Айжақсин «Қанат» және «Жас сарбаз» сыныбының оқушылары гүл шоғын қойды.   Астана қаласы мектептері арасында «Алаштың айбыны – Бауыржан» тақырыбымен пікірсайыс турнирі өтті. Бауыржан Момышұлының тұлғалық қасиетін оқушылар арасында насихаттау, дебатты дамыту мақсатында ұйымдастырылған пікірсайыс турниріне 26 мектептің оқушылары қатысты. Мектепте алғаш рет  шахмат кабинетінің ашылуы ұйымдастырылды. Іс-шарада Жас сарбаз сыныбының салтанатты шеруімен «Зерек» сыныбы  ресми түрде ашылды. Жас шахматшылары өзара бақ сынады. «Жас сарбаз» сыныбына жаңа қабылданған оқушылар ант берді.