2023 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады?
2023 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады?
Фото: twitter.com
1,089
оқылды
Жаңа жылда ең ұзақ демалыс күндері қаңтар мен наурыз айында болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 2023 жылы бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін 245 жұмыс және 120 демалыс күндері бар. Tengrinews.kz-тің дерегінше, 2023 жылы ең көп демалатын күндер қаңтар мен наурызда – 12 күн. Ал ақпан мен қарашада 8 күн демаламыз. 2023 жылы мереке күндерінің көп бөлігі аптаның ортасына түсетіндіктен, демалыс күндері өте аз. Ең ұзақ демалыс күндері: қаңтарда Жаңа жылға 3 күн – 1, 2 және 3 қаңтар; наурызда 3 күн – 21, 22 және 23 наурыз; сәуір мен мамырда Қазақстан халқының бірлігі күніне 3 күн – 29, 30 сәуір және 1 мамыр, сондай-ақ Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне 4 күн – 6, 7, 8 және 9 мамыр; шілдеде жұмыс күні сенбіге ауыстырылатындықтан 4 күн демалыс болады – 6, 7, 8 және 9 шілде; желтоқсанда Тәуелсіздік күніне 3 күн – 16, 17 және 18 желтоқсан, өйткені 16 сенбіге сәйкес келеді. 2023 жылы Рождество мерекесіне қосымша демалыс берілмейді. Себебі, 7 қаңтар сенбіге сәйкес келеді. Егер діни мереке сенбі немесе жексенбіге сәйкес келсе, қосымша демалыс берілмейді. Құрбан айт 2023 жылы 28 маусымға сәйкес келмек.