Алматыда жалған доллармен криптовалюта сатып алмақ болған ер адам ұсталды
Алматыда жалған доллармен криптовалюта сатып алмақ болған ер адам ұсталды
Фото: polisia.kz
482
оқылды
Алматыда ер адам жалған долларға криптовалюта сатып алмақ болған. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Ер адам криптовалюта сатып алу кезінде жалған банкноттармен төлем жасамақ болған.
«Бөлімшеге алаяқтық дерегі бойынша жергілікті тұрғын шағымданды. Оның айтуынша, белгісіз біреу криптовалюта сатып алу кезінде оған жалған 100 мың доллар төлемек болған. Іс жүргізу барысында жәбірленушінің интернет арқылы криптовалютаны ірі көлемдегі сомаға сатуға келіскені анықталды. Кездесу жоспарланған болатын, онда сатушы криптоәмиянға электронды ақшаны  аударды. Алайда «сатып алушы» криптовалютаны алғанын растамады және оны алдадың деп айыптауға тырысты. Бұл алдын ала ойластырылған алаяқтық болып шықты. Күдікті қамауға алынды. А. есімді ұсталған азамат виртуалды ақшаны сатып алу бойынша өз міндеттемесін орындағысы келмеген. Сондықтан ол кездесуге жалған долларлық купюраларды алып келген», – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Аталған дерек бойынша тергеу ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық істі тіркеді. Полицейлер күдіктінің сыбайластарын анықтап жатыр.