Павлодарда сегізінші қабаттан құлаған 15 жастағы қыз қайтыс болды

Павлодарда сегізінші қабаттан құлаған 15 жастағы қыз қайтыс болды

Павлодарда сегізінші қабаттан құлаған қыз көз жұмды, – деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

«Бала көптеген жарақаттар алған. Сүйектердің, омыртқаның сынуы, жұлынның зақымдануы, ішкі органдарының көптеген зақымдануы болды. Ауруханамыздың дәрігерлері қолдан келгеннің барлығын жасады. Өкінішке орай, баланы аман алып қалу мүмкін болмады», – деді облыстық балалар ауруханасында.
Еске салайық, 22 желтоқсан күні сағат 17:06-да облыстық жедел жәрдем қызметіне 8-қабаттан бала құлағаны туралы қоңырау түскен. 15 жастағы қыз бала Назарбаев даңғылы, 204 мекенжайындағы үйдің 8-қабатынан құлаған.