Екібастұзда жол апатынан 1 адам қаза тапты
Екібастұзда жол апатынан 1 адам қаза тапты
421
оқылды
Екібастұзда есірткі тұтынған жүргізуші жол апатын жасап, көліктегі жолаушылардың бірі мерт болып, екіншісі ауруханаға түсті, – деп хабарлайды  Polisia.kz сайты. Сайттағы ақпаратқа қарағанда, оқиға 26 желтоқсан күні түнде болған. 32 жастағы ВАЗ жүргізуші Кеншілер көшесімен келе жатып, ағашқа соғылған. Оқиғаның салдарынан 20 жастағы жолаушы оқиға орнында мерт болды, екінші 29 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші есірткіге мас болған. Оның көлік басқару құқығы жоқ екендігі анықталды. «Автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр» делінген хабарламада.