Ауа райының қолайсыздығына байланысты Самара-Шымкент тасжолының бір бөлігі жабылды. «Қызылорда облысында ауа райының нашарлауына байланысты Самара-Шымкент тасжолының Қармақшы ауылынан Шиелі ауылына дейінгі аралығында автокөліктің барлық түріне қозғалыс шектелді» делінген «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы таратқан мәліметте.