Шымкентте екі әскери қызметкер жалдамалы пәтерден өлі табылды

Шымкентте екі әскери қызметкер жалдамалы пәтерден өлі табылды

Шымкент қалалық ТЖД өкілдерінің хабарлауынша, жалдамалы пәтерден екі сарбаз өлі табылды. «24 қаңтарда сағат 8.40-та жедел басқарма пультіне көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен екі ер адамның – 1994 жылғы және 1992 жылғы өлі табылғаны хабарланды. Екеуі де Шымкенттің №556/52 әскери бөлімінде қызмет еткен. Пәтер жалдап тұрған. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды» делінген ресми хабарламада.