Бүгін таңертең сағат 07:45-те Қарағанды – Ақадыр учаскесінің Қарабас станциясында жүк пойызының 19 вагоны рельстен шығып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, вагондардың жолдан шығып кетуі жеке меншік иесіне тиесілі бірінші астық тасымалдаушы доңғалақтың кептелісіне байланысты болды. Жағдайды тексеру үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да арнайы комиссия құрылды. Осы учаскедегі пойыздар қозғалысы көрші жолмен ұйымдастырылған. Қарағанды, Құлайғыр станциялары бойынша екі жолаушылар пойызы кідірді. Вагондардың жолдан шығуы салдарын жою үшін Қарағанды, Жаңаарқа, Астана станцияларының үш қалпына келтіру пойызы тартылды.