Макеевкада бір отбасының сегіз адамын атып кеткен

Макеевкада бір отбасының сегіз адамын атып кеткен

ДХР-дағы Макеевкада бір отбасының сегіз адамын атып кетті, – деп хабарлайды ТАСС.

«Бір отбасының сегіз адамын атып өлтірген. Болжам бойынша, автоматпен атқан. Қаза тапқандардың арасында үш бала бар», – деп хабарлады қала әкімшілігінен.
Қайтыс болғандардың ішіндегі ең кішісі – бір жасар бала. Қаланың Червоногвардия ауданында болған қайғылы оқиға орнында қауіпсіздік қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның себептері және отбасын атқан адамдар туралы ақпарат нақтылануда.