Доллар бағамы 0,65 теңгеге қымбаттады
Доллар бағамы 0,65 теңгеге қымбаттады
Фото: yandex.kz
154
оқылды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,65 теңгеге жоғарылады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 461,23 теңге. Ал, Ресей валютасы 6,52 теңге болды. Ұлттық банктің 28 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 460,62 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 6,58 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 463 теңге, сатып алу – 467 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 463,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 466,5 теңге. Ресей рублі 6,41 – 6,53 теңге аралығында саудаланып жатыр.