Шымкентте 63 жастағы зейнеткерге 63 рет алаяқтық жасады деген айып тағылды
Шымкентте 63 жастағы зейнеткерге 63 рет алаяқтық жасады деген айып тағылды
Фото: 24.kz
1,616
оқылды
63 жастағы шымкенттік зейнеткерге 63 рет алаяқтық жасады деген айып тағылды. Шымкентте «Мемлекеттік бағдарлама бойынша аз уақыттың ішінде, кезексіз пәтер алып беремін» деп халықты алдап келген күдікті 63 жастағы зейнеткер болып шықты. Тергеу барысында қолға түскен күдіктінің осы тектес 63 жайтқа қатысы бар екені анықталған. Сондай-ақ, ол бұрын алаяқтық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып, сотты болған. «Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына арызданған жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғанын жеткізді. Танысы «Шымкент қаласынан кезексіз пәтер алып беремін» деп, 2 000 000 теңгесін алаяқтық жолмен иемденіп алғанын айтты. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», – делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.