Данияр Елеусінов әлем чемпионы атағынан айырылды
Данияр Елеусінов әлем чемпионы атағынан айырылды
© nur.kz
461
оқылды

Танымал қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) Халықаралық бокс ұйымының (IBO) нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырылды, – деп хабарлады Sports.kz.

2022 жылдың 27 желтоқсанындағы жағдай бойынша, Елеусінов IBO сайтындағы әлем чемпиондарының тізімінде жоқ, бұған дейін оның есімі мен суреті тиісті бөлімде тұрған. Сонымен қатар беделді BoxRec.com порталында жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу бос деп көрсетілген. Данияр Елеусінов соңғы жекпе-жегін былтыр 18 желтоқсанда Астанада өткізіп, аргентиналық Хуан Эрнан Леалды (15-3, 4 КО) жеңіп, IBO чемпионы атағын жеңіп алған болатын.