Динара Сәдуақасова әйелдер арасында жылдам шахматтан (рапид) 2022 жылғы вице-чемпионы атағын жеңіп алды. Турнир үш күн бойы – 26-28 желтоқсан аралығында Алматыда өтті. Оған Қытай, Үндістан, Ресей және т.б. шахматтан дәстүрлі мықты елдердің атынан шыққан әлемнің үздік спортшылары қатысты.
Рапид – ойлаудың уақыты шектеулі ойын түрі. Алматыдағы турнирлік қашықтық 11 турдан тұрды. Берілген уақыт - бүкіл ойын үшін әрбір қатысушыға 15 минут + 10 секунд.
Турнир барысында қазақстандық қазіргі кездегі әлемнің ең мықты шахматшыларының бірі ресейлік Александра Горячкинаны жеңді.
Турнирлік қашықтықты бағындырған Қазақстан спортшысы қытайлық Тань Чжунъимен бірдей ұпай жинады - 11 мүмкін ұпайдың 8,5-і. Ұпай саны бірдей болған қыздар чемпионаттың 1-ші және 2-ші орындарын өзара бөлуге мәжбүр болды. Мұндай жағдайларда әрқашан тай-брейк ойналады. Бірінші ойында тең түсіп, екінші ойында қазақстандық жеңіліп қалды. Айта кетейік, тай-брейкке дейін Тань Чжунъи допинг-тест тапсырудан бас тартқан болатын. Ойындарды ертерек аяқтаған Динара процедурадан өтті.