Биыл Қазақстанға Ресейден 21 кәсіпорын көшкен, тағы 13-і пысықталып жатыр.
«Ресей мен Беларусьте өз қызметін тоқтатқанын жариялаған ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен халықаралық корпорацияларды Қазақстанға көшіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әлемнің 37 елінен 362 ірі компанияның тізімі жасалды. Бүгінде 21 компания көшірілді. Қазақстанға 13-і пысықталып жатыр, тағы 28 компания бойынша белсенді келіссөздер процесі жүріп жатыр», – деді Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров.Министрлік өкілі Қазақстанның Еуразия құрлығы орталығында орналасқанын ескере отырып, транзиттік және логистикалық әлеуетінің нығайып келе жатқанын айтты. Оның айтуынша, ел экономикасында логистикадағы халықаралық қызметтердің тұтас бір саласы қазірдің өзінде қалыптасқан.