AIQYN-ның айфоны – Ержанның еншісінде
AIQYN-ның айфоны – Ержанның еншісінде
Ержан Иманберді
«AIQYN-ЛИТЕР» ЖШС-ға қарасты республикалық үш бірдей басылым 1 қазан мен 25 желтоқсан аралығында газетке жазылған оқырмандар арасында байқау ұйымдастырған болатын. 27 желтоқсан күні «ASTANA» телеарнасының тікелей эфирінде рандомайзер ар­қылы ұтыс жеңімпаздары анықталды. AIQYN, «ЛИТЕР» және TURKISTAN газеттеріне жа­зылған үш оқырман байқаудың басты жүлдесін – iPhone 14 Pro смартфонын ұтып алды. AIQYN оқырмандары арасында ұтыстың басты жүлдесі Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Қайыңды ауылының 29 жастағы тұрғыны Ержан Иманбердіге бұйырды. Ержан төрт жыл­дан бері мал дәрігері болып жұмыс істейді екен.
«AIQYN-ға алғаш рет жазылдым. Кадр бө­ліміндегі әріптесім қай газетке жазыла­ты­ны­мызды сұрады. Көп ойланбай, AIQYN-ды таң­дап едім. Бұған дейін де интернеттен осы газеттің сайтын шолып, ішінен әсіресе ауыл шаруа­шы­лығы тақырыбындағы мақалаларды оқып тұра­тынмын», – дейді оқырманымыз.
Ержан ұтыс ойынынан мүлдем бейхабар болып шықты. iPhone ұтқанын сүйіншілеу үшін газеттің бас редакторы Амангелді Құрметұлы хабарласқанда да, біразға дейін сене алмай, таң-тамаша болғанын жасырмады.
«Біреу әзілдеп тұрған шығар деп ойлаппын. Әзер сендім. Өмірімде мұндай конкурсқа қатысып, ұтысқа ие болып көрмеппін. Өзім жолы болғыш адамдардың қатарынан емеспін дейтінмін. Жаңа жыл қарсаңында тамаша тосынсый болды», – деп жүлдегер ағынан жарылды.
айфон ұтыс Педагогтер отбасында дүниеге келген Ержан биыл отау құрыпты.
«Кішкентайымда үйге газет көп келетін. Газет оқу сол кезден бері әдетіме айналса керек. Енді жаңа жылдан бастап AIQYN-мен қауышамын. Жаным­дағы­ларға да газеттегі дүниелерді бөлісіп жүретін болдым», – дейді оқырман.
Сонымен қатар «TURKISTAN» газетіне жазылу­шылар арасында iPhone 14 Pro-ны Атырау қаласынан Қадырбек Қалиев қанжығасына байлады. «Литер» газеті оқырмандары ішінен бас жүлде Жамбыл об­лысы, Қордай ауданының тұрғыны А. Бейваға бұйыр­ды. Ал AIQYN газетінің ынталандыру сыйлығын Алматы қаласынан Құралай Аққошқарова, 20 000 теңгелік сертификатты Түркістан облысы, Қоғам ауылынан Зәрнәби Әлайдар, 50 000 теңгелік сер­тиф­катты Қызылорда облысы, Сексеуіл кентінің тұр­ғыны Б. Тлеуов жеңіп алды.

А.ҚАЗАҚ