Антына адалдық танытқан
Антына адалдық танытқан
459
оқылды
Қаңтар оқиғасының та­рих қой­науына енгеніне де жылға жуық уақыт болып қал­ды. Дегенмен, сол күн­дер ел жадынан шыға қойған жоқ. Әсіресе, қанды қырғын алматылықтардың жадында жаңғырып тұр. Сол бір ел басына күн туған сәтте түрлі мамандық иелерінің азаматтығы мен ерлігі сынға түсті. Әсіресе, ел қорғаны болып жүрген әскери қызметкерлердің осы бір сәттердегі көзсіз ерлігін айту біз үшін парыз. Олардың ішінде қанға бөгіп жатқандарға алғашқы­лардың бірі болып қол ұшын соз­ған әскери-медициналық маман­дар­дың еңбегі орасан. Солардың бірі біздің бүгінгі кейіпкеріміз ҰҚК Шекара қызметі Алматы об­лысы бойынша департаментінің Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты медицина­лық қамтамасыз ету тобының офи­цері, капитан Келбет Қабы­лова. Келбет Қабылова Ол Алматыдағы С.Аспендия­ров атын­дағы Қазақ Ұлттық меди­цина университетін бітіріп, аудан­дық орталық ауруханасында тера­певт дәрігер болып еңбек етіп жүр­генде Шекара қызметінің сапына шақырылыпты. Кейіпкеріміз ел басына күн туған сәтте Отан алдындағы әске­ри борышын мүлтіксіз орындауға барын салған. Сонысымен Алма­ты­ның орталық алаңында болып жатқан жанжал мен бүлік ошағына бірнеше мәрте барған.
«Сол күні таңертең әдеттегідей жұмысқа келдік. Бізді ҰҚК Ше­кара қызметі Алматы облысы бо­йынша департаментінің қақпа­сы­ның алдында кинологтар, итте­рі­мен қарсы алды. Бұл көрініс мені алғашында таңғал­дырды. Ал департаменттің өзі өткен түннің ортасында дабылмен көтеріліп, қала әкім­дігін қорғауға аттанып кетіпті. Кімнен, неге? Сөйтсек, елі­міздің батысында басталған бейбіт шерудің соңы бүлікке ұлас­қан екен. Бұзақылар бүлік салып­ты. Осылайша, Ал­матыны ғана емес, бүкіл аймақты абыржыт­қан күндердің басталғанын ұқтық», – дейді капитан Келбет Қуаныш­бекқызы.
5 қаңтар күні түс ауа Алматы әкімдігі ғи­маратының маңы қақ­ты­ғыс ошағына ай­налды. Бұл кезде жаппай тәртіпсіздікке бой көрсетіп, бүлікшілер мен күштік құ­ры­лымдар арасында теке­тірес басталып кеткен. Түрлі арандатушыларға ергендер осы сәтте әкімдік ғимаратын отқа ора­ды. Сол кезде қаншама жара­лан­ған жан өмір мен өлімнің ара­сын­да жатты. Шамалы ғана уақыт ішінде ауруханалар мен әскери гос­питальдер жа­ралы жандарға толды. Осы кезде К.Қуаныш­бек­қызы тапсырма бойын­ша ажал ошағына төрт мәрте кіріп, 25 адам­ның өмірін аман алып қалуға үлес қосқан. Ол бастаған жедел жәрдем қызметкерлері текетірес алаңына айналған қалалық әкім­діктің ау­ма­ғына кіріп, жаралыларға алғаш­қы медициналық көмек көрсеткен соң оларды ҰҚК Әскери госпи­таліне жеткізумен ай­налысқан.
 «Сол күні жанымыздағы мем­лекеттік мекеменің отқа оранып, қарсымыздағы аң­шылар дүкені тоналғанының куәсі болдық. Бү­лік­шілерден қашқан елуден астам адам біздің департаментте жасы­рынып, аман қалды. Қазір айтуға оңай ғой. Ал сол кезде шекарашы­лардың арқасында аман қалғандар тыс үрейлі еді», – деп еске алды Шекара қызметінің капитаны.
Келбетпен бірге күйеуі ҰҚК Шекара қызметі Техниканы және қару-жарақтарды жөндеу басқар­масының бөлімше бастығы подполковник Ерболат Темірға­лиев те қалалық әкімдік ғимара­тын қорғаушылардың қатарында болған екен. [caption id="attachment_234070" align="aligncenter" width="1636"]қаңтар оқиғасы © коллаж: Қуаныш Сапарбаев[/caption] Сол күні бүлікшілермен тіке­лей бетпе-бет келген сарбаздардың арасында Келбеттің жарынан бөлек бауыры да әскери борышын өтеп жүрген еді.
«Сол күндері бейне бір қып-қызыл шоқ­тың үстімен жалаңаяқ жүргендей күй кеш­кенімді еш­қашан ұмыта алмайтын шығар­мын. Өйткені сол күні мен өзіме ең жақын адамдар үшін де қатты алаңдаулы едім... Қақтығыс болып жатқан әкімдіктің ішінде жолда­сым және бірге туған әпкемнің үлкен ұлы Диас та болды. Диас осындағы жоғары әскери оқу орын­дарының бірінің төртінші курсында оқиды. Сондықтан бүлікшілердің ортасына кірген сайын жаралылардың ара­сынан жолдасымды, жиенімді кездес­тіріп қалам ба деп қатты қорықт­ым. Кешке қарай, алдымен Ербо­латпен, сосын Диаспен ұялы телефон арқылы сөйлесіп, олардың аман­дығын білген соң ғана қорқынышым сейіл­ді», – дейді Келбет Қабылова.
Иә, екі тәулікке созылған ауыр да қа­сіретті сәттер бұл күнде артта қалды. Тарих оны күнтізбеде «Қаралы қаңтар» деген белгімен бедерледі. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, біз ол күн­дерден халқымыздың бір­лігі мен ауызбір­шілігінің арқасын­да аман өттік. Кейіпкеріміз капитан Келбет Қабылова­ның сол бір қорқыныш­ты түстей болған күндердегі көзсіз ерлігі Мемлекет тарапынан елен­бей қалған жоқ. Ол Прзеидентттің қазан айындағы Жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» ме­далімен марапатталды.

Алматы қаласы